«Жастар салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған» кешенді іс-шара

Жамбыл жоғары  медициналық колледж «Тәрбие бөлімі» мен «Елу жылда ел жаңа қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш.Сүйімқұл ханыммен бірге бірлесе отырып, 1 курс студенттері арасында «Жастар салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған» кешенді іс-шара өткізілді.
Студенттер арасында  есірткі,темекінің зияны туралы ашық әңгіме өрбіді. Есірткі қолданған адам мен қолданбаған адамдар арасындағы айырмашылықтар жайында талқыланып, ойындар ойнатылды. Іс-шара өз мақсатына жетті деген  ойдамыз.