Жамбыл жоғары медициналық коллледжінің директорының есебі

        25.01.21жылы   Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы 2019-2020 жылдың қортындысы  бойынша медициналық кеңестерді өткізу кестесіне сәйкес  Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова  2019-2020 оқу жылының ІІ жартыжылдығы  мен  2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен міндеттері туралы​ есеп берді.   Есеп беру жиналысына  денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Х.С.Мурзакасымов  және  колледж оқытушылары қатысты.

      Колледж директоры 2020-2021 оқу жылында білім алушылар контингенті 2008 студент оның ішінде 1119  студент – мемлекеттік тапсырыс негізінде,  4 мамандық,  7 біліктілік бойынша мамандар дайындалуда, колледждегі кадрлық құрамында: 210 қызметкер оның 127-сі оқытушылар, 53- дәрігерлер, провизорлар, 83-і қызметкер еңбек етіп жатқанына айта келіп, колледжде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кәсіптік бағыт бағдар  беру және түлектерді жұмысқа орналастыру-53,5%,2019-2020 оқу жылы сабаққа қатысуы – 100 % , орташа балл – 3,9 білім сапасы – 74 % ,  үлгерімі – 100 %, бітіруші түлектердің Тәуелсіз ұлттық тестілеу қорытындысы – 96,7%  көрсеткіш көрсетіп,  республика бойынша үздік 20 колледж қатарында екенін айтты.                        .                                                                                                                                                                  .     Жамилия Нургалиевна өз есебінде кәсіптік практиканы өткізу барысына,  Дуальдық оқыту, әлеуметтік серіктестік бойынша, қаржыландыруы , колледждің материалдық – техникалық базасы,  колледждің кітапхана қорына, оқытушылар жетістіктері мен тәрбие жұмысына, студенттер жетістіктеріне, халықаралық ынтымақтастық, колледж жетістіктеріне, білім беру қызметтерінің сапасын бағалау индикаторы бойынша, колледждің даму стратегиялары мен өзекті мәселелерге тоқталды. Колледж қашықтықтан оқытуды  «Mirapolis virtual room»  http://dhmc.zhambyl.kz  платформасында жүргізілуде.                                          .                                        

Есеп соңындаденсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Х.С.Мурзакасымов  Жамбыл жоғары медициналық колледжіндегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан түрлі іс-шараларға әрдайым белсенділік танытатын және Жамбыл облысындағы  орта медицина мамандарын даярлауда жоғары сұранысқа ие оқу орны екенін атап өтті. Алдағы уақыттарда болашақ мамандарға сапалы білім берілуін, олардың жұмысқа қамтылуын, жеке-меншік медицина емдеу ұйымдарынан, клиникаларынан орта буын мамандарына сұраныстар алу жұмысын жандандыру, колледждің  үлкен қарқынды  дамуына  жұмыстардың ары қарай жүргізілу қажет екенін  атап айтты. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова колледж ұжымы жоғарыда айтылған тілектерді орындауға,  орта буын медицина мамандарына сапалы білім беру жолында аянбай еңбек ететінін айтты.