Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Рәміздер» тақырыбында 126 ЛФ-9/21 топ студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді

20.05.22ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен
«Рәміздер» тақырыбында 126 ЛФ-9/21 топ студенттерімен тәрбие сағаты өткізілді.
Топ жетекшісі: Кушпенова Қ.М
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Студенттерге аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Студенттерге мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Қ.Тоқаев портреті, ҚР Конституциясы, баптар.