«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н.Сарыбекованың Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына пікір

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н.Сарыбекованың Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына пікір

Бүгін «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Жыл сайын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені, Президент жолдауы мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжат. Жолдаудың негізгі мәні экономикамызда қордаланған мәселелер және халықтың әл-ауқатын арттыруға мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы, сөзсіз, барлық қазақстандықтарға, соның ішінде, медицина қызметкерлеріне, білім саласындағы педагог оқытушыларға қатысты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа тағы жүргізілетіндігі айтылды. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», -деді Президент. 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдағандығы, екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталатындығы, осылайша мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етілетіндігін, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады және онда инсульт орталығы, хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады» – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Мемлекет басшысы үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайындығын хабарлады. Әрине, «AMANAT» партиясы «Алау» БПҰ төрайымы ретінде бұл бастаманы қолдаймын.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отыратындығы өте керемет күтпеген жаңалық болды. Балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау керектігі, ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ін балалардың жасы 18-ге толғанға дейін жеке шоттарына мерзімінен бұрын шешіп алу құқығынсыз аударып отыруды ұсынды. Сондай-ақ, Президент бұл қаражатты 18-ге толған азаматтар қалай жұмсай алатынын да айтып өтті. «Кәмелекет толғаннан кейін жинақталған сома баспана мен білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама беретіндігі сөзсіз.

Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілетіндігі туралы да хабарлап, әйелдер қауымына қуаныш силады. Бұл жолдау мерейлі мекеніміз-Қазақстан мемлекетін биік белестерге жетелейді деп сенемін.