«Жамбыл  жоғары медициналық  колледжі директорының кубогі»

27.10.2019 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында дәстүрлі  VІ  «Жамбыл  жоғары медициналық  колледжі директорының кубогі» атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Облыстық турнирге Жамбыл облысының жоғары  және арнаулы орта оқу орындарының студенттері шақырылды. Тараз қаласынан М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық  университеті, Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, Тараз  политехникалық  колледжі, Қазақ-түрік колледжі,  Тараз инновациялық колледжі, Астана  көпсалалы  колледжі және Сарысу ауданынан Жаңатас көпсалалаы колледжінен пікірсайысшылар қатысты. Ойын қорытындысы бойынша І орын- Дауталиев Амир мен Бектұрсынов Арыстан (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), ІІ орын-Жұмашев Бекзат, Шадыбек Аяжан., (ТарМУ), ІІІ орын-Турдалиева Венера, Калисаева Алима (ТарМУ),  «Үздік спикер»-Байтуреев Болат (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), «Үздік төреші»-Серік Айсұлу (Абай атындағы гуманитарлық колледжі) иеленді. Сондай-ақ турнир барысында ұйымдастырылған сергіту ойындарының жеңімпаздарына, ойын жеңімпаздарына Алғыс хат, Дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.