Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары

17.10.2018 жылы «Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары» атты Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығының салтанатты ашылуы өткізілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық коллежінен қабылдап алған эстафета өткен кездесу соңында №13 Тараз теміржол колледжінің директорына табысталды. Колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова «Жамбыл медициналық колледжінің цифрлық қадамдары» тақырыбында ақпараттық шолуынан бастады. Цифрлық дамуды қалыптастырудың маңызды екенін ескере отырып, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекованың Смарт кабинеттерді таныстыруымен жалғасты. Атап айтқанда:

  1. Анатомия пәнінен Ceol Panel және интерактивті парта көмегімен ақпараттандыру;
  2. Патологиялық анатомия және физиология пәнінен Smart Kapp тақтасын тиімді пайдалану;
  3. Анатомия және физиология пәндерінен 3D қалам арқылы ішкі мүшелердің құрылысын бейнелеу;
  4. 3D көзілдірігін пайдаланып, адам ағзасының қызметін бақылау;
  5. 3D принтерін пайдалану;
  6. Колледж баспаханасымен таныстыру.

Сондай – ақ қонақтар колледждің білім сапасы және мониторинг пен виртуалды әдістемелік кабинеттерімен таныстырды. Студенттер кез – келген уақытта планшет, компьютер, телефон арқылы колледждің сайтына кіріп, электронды библеотека арқылы керекті тақырыбында дайындала алады, сайт бөліміне кіріп тест тапсырады, оны компьютер бағалайды. Бұл студенттің де, оқытушының да уақытысын үнемдеп, ашық бағалауына мүмкіндік береді. Мониторинг және білім сапасы кабинеті IP камерасы арқылы бақылап отырады.