«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»

26.04.2019 ж. сағат 1430-де  Жамбыл  медициналық  колледжінде 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбындағы колледжішілік іс-шара  өтті.

Жауапты: «Емдеу ісі» бөлімі, 208 топ студенттері, топ кураторы Буксукбаева Айман Ануарбековна

Мақсаты:

Тәрбиелік:

  • елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу;
  • Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу;
  • бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейтіп, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Білімділік:

  • басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету;
  • Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету.

Дамытушылық:

  • Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту;
  • студенттердің ой-өрісін кеңейту, танымдық үдерісін дамыту;
  • зейіндерін қалыптастыра отырып, сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту;
  • студенттердің өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, рухани ой-өрісінтерін, дүниетанымдарын, саяси сауаттылықтарын кеңейту.

Жамбыл облысында 87 этникалық топ өкілдері тұрады. Өзінің шанырағының астына 25 этномәдени бірлестіктерін  жинады. Өзіміздің оқу орнымызда  83 жыл тарихы бар, киелі оқу ордамызда  22 ұлт өкілдері білім алуда. Толығырақ айтып кететін болсақ, 1750- қазақ, 61 – орыс ұлты, 95-өзбек,  90 – түрік, 42 – дүнген, 29- гүрді, 16-азербайджан, 10- татар, 5-кәріс, 5-қырғыз, 5- шешен, 7- украйн, 3- ұйғыр, 2 – кемшіл ұлты, 1-румын, 1 – грек, 1- неміс, 1 – белорусь, 1- башқұрт, 1-лезгин, 1 тажік, 1 – қашқыр ұлттары білім алып, тәрбиеленуде.

Іс-шараға арнайы қоңақтар шақырылды:

Тараз қаласы өзбек этно-мәдени бірлестігінің  өкілі Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич,   Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнгендер ассоциация  мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайым орынбасары   Юнусов Идрис Месизович.