WorldSkills Jamdyl-2021

24.09.2021ж.  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі  бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері арасында  «WorldSkills Jamdyl-2021»  облыстық «Медициналық және  әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша чемпионатын  ұйымдастырды. Чемпионатқа Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері мен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж студенттері қатысты.   Жүлделі I орынға  Жамбыл жоғары медициналық  колледжінің  «Мейіргер ісі» бөлімі, 404 топ студенті М.Е.Лесқалиев,  II орынға «Мейіргер ісі» бөлімі,  401 топ студенті Н.Н.Қалдыбаева, III орынға «Тараз-Болашақ» колледжінің студенті Е.Молдабай  ие болып, Дипломдармен марапатталды.  Сондай-ақ,  чемпионатты  өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсене  атсалысқаны үшін колледж ұжымы мен колледж оқытушылары С.С.Тұрғынбекова, А.М.Даулетов  Алғыс хаттармен  марапатталды.