«WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы

«WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу сәті
​28.04.2022 жылы Тараз қаласының «Мамыр» саябағында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өткізілді. ​Облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітіруші түлектері мен жұмысшы жастары үшін аса маңызды іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Нұржігітов Н.М.қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылған чемпионаттың басты мақсаты жастарға жұмысшы мамандығының маңыздылығын түсіндіріп, беделдігін арттыру болып табылады.
​ ​»Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» республикалық чемпионатының алтын медаль иегері, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК түлегі Кәрім Сүйінбекұлы чемпионаттың салтанатты ашылуына арнайы шақыртылып, биылғы қатысушыларға WORLDSKILLS қозғалысының туын табыстады.
​Облыстық чемпионатқа 22 колледждің түлектері 17 құзіреттілік бойынша қатысатын болады. Колледжіміздің атынан «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіруші топ студенттері Вердиева Р.М., Қырықбай Қ.А. қатысып, бақ сынасады. І орын иеленген жеңімпаздар «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN- 2022» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алады.
​Чемпионатқа арнайы барған облыс әкімі болашақ маман иелерінің көрмеге қойылған жұмыстарымен танысып шықты. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК фармацевтикалық пәндер оқытушылары «Жасыл дәріхана» жобасының аясында колледж шипажайында арнайы егіліп, жиналған шөп-дәрілерді, емдік тұнбаларды дайындап көрсетті.