«Волонтер-медиктер мектебі»

25.03.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Жүректен жүрекке» еріктілер жасағы, Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Волонтер-медиктер мектебі» мүшелерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Ж.Н.Сарыбековаға медициналық волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріліп, кездесу барысында колледж волонтерларына жүрек-өкпе реанимациясы алгоритімі түсіндіріліп, муляждарда көрсетті. Кездесу соңында волонтерлерге сертификат табысталды.