«Үздік мейіргер-2022»

15.03.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі ІV-курс топ студенттері арасында
«Үздік мейіргер-2022» кәсіби сайысы өткізілді.
_____________________________________
Сайыс мақсаты : студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын мамандығына сай менгеру , деңгейлерін бағалау, мамандығына деген құзыреттілікті қалыптастырып, кәсіби жұмыс істеуге дайындау , теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге және клиникалық ойлау қабілетін, зерделілік қасиеттерін дамыту.
Колледждің аймақтық симуляциялық орталығында шұғыл жағдайларда дәрігерге көмек көрсетуді, тренажер-манекен және муляждарда парентеральды жолмен дәрі енгізуді,
мән-жайлық есептерді қолдану арқылы медициналық ұйымдардың жұмысына жақындатуын көрсету , кәсіптік іс-әрекеттерін қазіргі ақпараттық технологияларды, техникалық оқу құралдарын тиімді қолдану.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І дәрежелі дипломмен 408 топ студенті Тоқтарбай Диана.
ІІ дәрежелі дипломмен 402 топ студенті Тоқанова Аңсаған.
ІІІ дәрежелі дипломмен Қырықбай Қарлығаш марапатталды.