«Үздік акушер-2022 жыл»

16.03.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Емдеу ісі» мамандығы «Акушер» біліктілігі «Үздік акушер-2022 жыл» колледжішілік сайысы өткізілді. Сайыстың білімділік мақсаты:
➖Студенттердің білімін «Акушерия» пәні бойынша тексеру.
➖Болашақ акушердің теориялық білімі және тәжірибелік дағдыларының сапасын тексеру.
➖Әр түрлі шұғыл жағдайда олардың тез арада дұрыс шешім қабылдап, жедел медициналық көмек көрсете білуі қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсету.
Тәрбиелік мақсаты:
➖Мамандығын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
➖Медициналық манипуляцияларды жасау кезінде болашақ мамандардың өзін-өзі ұстай алуға, жүктілермен акушердің қарым-қатынасындағы субординацияны сақтай білуге тәрбиелеу.
➖Өмірге дені сау ұрпақ әкелудегі акушердің рөлін көтеру.
➖Ана мен бала денсаулығына акушердің жауапкершілігін арттыру.
Дамыту мақсаты:
➖қазіргі заманға сай инновациялық-технологияларды қолдану арқылы олардың іс-тәжірибелік дағдыларын, клиникалық ойлау қабілетін дамыту.
➖Әдістемелік мақсаты:
➖Техникалық оқу құралдарын, муляж, фантомдарды тиімді қолдану арқылы сайыстың мақсатына жету.