«Ұстаз – ұлы тұлға» онлайн – мерекелік жиыны

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, 02.10.2020 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледж ұжымы “ Ұстаз – ұлы тұлға” тақырыбында дайындаған онлайн – мерекелік жиын өткізді.