«Ұлы даланың ұлы өнері» қол өнер көрмесі

19.03.2019 ж. сағат 10 30-да  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 1курс студенттері арасында «Ұлы даланың ұлы өнері» тақырыбында  қол өнер көрмесі өткізілді. Көрме «әлемнің жеті кереметі» секілді, қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ежелгі көшпенді халықтың бүгінгі ұрпағының жеті кереметін: Алтын адам, Аң стилі, Атқа міну мәдениеті, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы дала көрінісін өздерінің жасаған шығармашылық қол өнерлерімен көрсетіп таныстырды.
Әділ қазы мүшелері: тәрбие жұмысының меңгерушісі  Л. Мейрманова, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Қалымбетова, тарих пәнінің оқытушылары Г. Иманалиева мен М. Жакипова.
І орын-104 топ, ІІ орын- 105, 101 топтар, ІІІ орын-104 топ студенті А.Бақай , 107 топ студенті А. Забихулло, 111 топ студенті А. Арпабек, белсенді қатысқаны үшін 103, 107 , 110 топтар марапатталды.