«Тұрғындардың денсаулығын сақтау- жаhандық пандемияны жеңудің негізі» тақырыбында қорытынды ғылыми –тәжірибелік конференциясы

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің үйірме жұмыстары бойынша «Тұрғындардың  денсаулығын сақтау- жаhандық пандемияны жеңудің негізі» тақырыбында қорытынды  ғылыми –тәжірибелік конференциясы қашықтықтан мираполис платформасында өтті.

      Алғы сөз колледж директоры Сарыбекова Ж.Н  берілді. Сарыбекова Жамиля Нургалиевна Дүниежүзінде болып жатқан Covid-19 пандемиясына байланысты  барлық оқу орнындары қашықтықтан жұмыс жасап, жаңа форматта өтіп жатқанын айта отырып, конференцияға қатысушыларға сәттілік жолдап, конференцияны ашып берді.

    Пәндер  бойынша 19  үйірме қатысты. Үйірме мүшелері  дайындаған  экспонаттарын,зерттеу жұмыстарын,қолданған әдістерін шеберлікпен мәлімдеме жасап, қорғап шықты. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері  үлкен дайындықпен келіп, зерттеу жобалары өзекті мәселелерді қамтыған. Сараптама  комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары дипломдармен марапатталды. 

I  дәрежелі диплом – «Рефлекс»  үйірме мүшесі  Дүйсенова Г  213  топ, «Емдеу ісі» бөлімі жетекшісі  Бердіш Н.Б.

 II  дәрежелі диплом – «Эврика»  үйірме мүшесі  Сокуренко А 117 топ,  «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі  Токсанбаева Д.Н.

III  дәрежелі диплом – «Милосердие»  үйірме мүшесі  Исмаилова Ш  214  топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі   Мухажанова Р.Ж.

 III  дәрежелі диплом – «Ізденуші биолог»  үйірме мүшесі   Айтбайқызы А. 111  топ, «Мейіргер ісі» бөлімі, жетекшісі   Молдакулов Р.С.

 III  дәрежелі диплом – «Рефлекс»  үйірме мүшесі   Вердиева Ругая 212 топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі   Бердіш Н.Т

 «Флора»  жетекшісі Нурбаева Р.Т, «Шипагер» жетекшісі   Серкебаева  А. К.,«Авиценна» жетекшісі   Бопеева А.А,« Алтын құрсақ» жетекшісі  Жарасова Ж.С.,«Жас химик»  жетекшісі Уткельбаева Г.С., «Эврика»  жетекшісі Тоқсанбаева Д.Н., «Микробтар әлемі»  жетекшісі Қасымов Н.А. үйірмелері   мақтау қағазымен марапатталды.

«Алтын стестоскоп»  жетекшісі Зиябекова Д.А., «Занимательная грамматика» жетекшісі Бердалиева Э.Б., «Ізденуші биолог» жетекшісі Кобегенова А.Т., ««English in action»» жетекшісі  Тойланбаева К. үйірмелері алғыс хаттармен марапатталды.