«Тұрғындардың  денсаулығын сақтау- қоғамдық денсаулықты нығайтудың негізі» тақырыбында қорытынды  ғылыми –тәжірибелік конференциясы

27.05.2020  жылы Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің үйірме жұмыстары бойынша «Тұрғындардың  денсаулығын сақтау- қоғамдық денсаулықты нығайтудың негізі» тақырыбында қорытынды  ғылыми –тәжірибелік конференциясы қашықтықтан мираполис платформасында өтті.

Алғы сөз колледж директоры Сарыбекова Ж.Н  берілді. Сарыбекова Жамиля Нургалиевна Дүниежүзінде болып жатқан Covid-19 пандемиясына байланысты  барлық оқу орнындары қашықтықтан жұмыс жасап, жаңа форматта өтіп жатқанын айта отырып, конференцияға қатысушыларға сәттілік жолдап, конференцияны ашып берді.

Пәндер  бойынша 18  үйірме қатысты. Үйірме мүшелері  дайындаған  экспонаттарын,зерттеу жұмыстарын,қолданған әдістерін шеберлікпен мәлімдеме жасап, қорғап шықты. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері  үлкен дайындықпен келіп, зерттеу жобалары өзекті мәселелерді қамтыған. Сараптама  комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары дипломдармен марапатталды.

I  дәрежелі диплом – «Адал жандар»  үйірме мүшесі  Рахметова Улбосын  320  топ, «Емдеу ісі» бөлімі жетекшісі Байбулекова А.К.

II  дәрежелі диплом – «Инфекционист»  үйірме мүшесі  Әлімхан Інкар 302 топ,  «Мейіргер ісі» бөлімі, жетекшісі Жасұзақ М.Қ.

II  дәрежелі диплом – «Скальпель»  үйірме мүшесі  Қуат Аружан  407 топ,  «Мейіргер ісі» бөлімі, жетекшісі  Даулетов А.М.

III  дәрежелі диплом – «Аялы алақан»  үйірме мүшесі  Кертаева Аружан 408  топ, «Мейіргер ісі» бөлімі, жетекшісі   Джантасова Р.У.

III  дәрежелі диплом – «Назология»  үйірме мүшесі   Уәзханова Айжан 312  топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі   Молдакулов Р.С.

III  дәрежелі диплом – «Рефлекс»  үйірме мүшесі   Вердиева Ругая 212 топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі   Молдакулов Р.С.

«Флора»  жетекшісі Нурбаева Р.Т, «Шипагер» жетекшісі   Серкебаева  А. К.,«Авиценна» жетекшісі   Бопеева А.А,« Алтын құрсақ» жетекшісі  Жарасова Ж.С.,«Жас химик»  жетекшісі Уткельбаева Г.С., «Эврика»  жетекшісі Тоқсанбаева Д.Н., «Микробтар әлемі»  жетекшісі Қасымов Н.А. үйірмелері   мақтау қағазымен марапатталды.

«Алтын стестоскоп»  жетекшісі Зиябекова Д.А., «Занимательная грамматика» жетекшісі Бердалиева Э.Б., «Ізденуші биолог» жетекшісі Кобегенова А.Т., ««English in action»» жетекшісі  Тойланбаева К. үйірмелері алғыс хаттармен марапатталды.