«Тіл халықтың – қазынасы»

15.09.2021ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары азаматтық – патриоттық бағыты бойынша 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл халықтың – қазынасы» атты кездесу кешін өткізді. ✔️ Кездесуде колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтап, 1,2 курс студенттері өз ана тілінде өлең оқып, ән айтып, өнерлерін көрсетіп, келген қонақтармен сұхбат өткізілді.
Кеш қонақтары:
1. Миражапарова Мухаббат Сайдуллаевна –Жамбыл облысының Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
2. Виктория Шорбану – «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының құрылтайшысы.
3. Алеханова Мухаббат Бахытовна – Жамбыл ТВ телеарнасының тілшісі.