«Тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпағы» атты қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция

Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін насихаттау және тәуелсіздік туралы студенттердің білімдерін өзектендіру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де on-line тәртібінде «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпағы» атты қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция өткізді. Ғылыми − тәжірибелік конференциямызды ашу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы арнайы шақыртылып, конференцияның салтанатты ашылуында сөз сөйледі. Конференцияға: Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Тараз -Болашақ» жоғары медициналық колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі студенттері қатысты. Конференция соңында мазмұнды баяндама жасап, қатысқан студент жастарға сертификаттар тапсырылды және мақалалар мен баяндамалар конференция жинағына жарияланатындығы хабарланды.