Жастар ісі жөніндегі комитет

Жамбыл медициналық колледжі жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы – Амантаев Данияр Ерболатұлы.

 

 

 

 

 

 

Колледжде жастар ісі жөніндегі комитеті құрылған. Жастар саясатының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дебат клубының мүшелері барлық қалалық, облыстық іс-шараларға белсене қатысады: акциялар, шерулер, дебаттарда белсенділік анытып, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің атқаратын жұмыстарының негізгі мақсаттары:
  1. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
  2. Салауатты өмір салтын насихаттау;
  3. Дарынды, белсенді студенттерді анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беру;
  4. Қоғамдық жұмысқа қатысуына ықпал ету;
  5. Болашақ медициналық қызметкерлерді тәрбиелеу.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің басты мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің білімді, белсенді, жан-жақты дамыған маман болуына бар үлесін қосу. Жастар ісі жөніндегі комитет колледжіміздегі көптеген іс-шараларға және талантты, дарынды, белсенді, үздік студенттердің қалалық, облыстық, жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.