Тәрбие жұмысының меңгерушілері

          Мейрманова   Ляззат Қасеналықызы – Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие жұмысының меңгерушісі. Білімі жоғары.
Жамбыл педагогикалық институтының филология факультеті, «орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын 1995 жылы бітірген.
Педагогикалық стажы – 24 жыл, санаты  жоғары.
1993 жылдан 1995 жылға дейін Шу ауданы, Белбасар ауылы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1995 жылдан 1997 жылға дейн Шу қаласы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1997 жылдан 2012 жылға дейін Тараз қаласы Ж. Жабаев атындағы №5  мектеп- гимназияда орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде:
2012 жылдан 2017 жылға дейін  орыс тілі және әдебиет пәні оқытушысы қызметін атқарды,
2017 жылдан бастап тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі.
Марапаттары:

  •  «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы Қ. Бекболатов  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ – 2014 ж;
  • Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының бастығы Нұрманалиева Ұ.Т.  ГРАМОТА – 2015 ж;
  • Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж. Сарыбекова Мақтау қағазы – 2016 ж;
  • «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы Н. Календеров ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ – 2016 ж;
  • Батыс Қазақстан облысы,  Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы М. Ибатов Алғыс Хат -2017 ж ;

          Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі болып Усенов Рахат Бакенович жұмыс жасайды.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Запастағы аға лейтенант.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл жоғары  медициналық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы қызметін атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының мазмұны мен түрі:

  • Колледждегі топтар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жағдайы туралы мәселенің қаралуы.
  • Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледждің ішкі тәртіп ережесін, Жарғысын бұзуы және қоғамға қарсы әрекеттері мәселесін қарау.
  • Білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы даулы, шиеленісті жағдайларды шешу.
  • Балаларына дұрыс тәрбие бермейтін және одан бас тартатын ата-аналар немесе оларды ауыстыратын заңды тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
  • Құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен тұрақты өзара байланысты сақтау. Аталған органдардың қызметкерлерін Кеңестің отырысына шақыру. Отырысқа шығарылатын мәселелер бойынша аталған органдардан шығатын құжаттарды талқылау және қарастыру.

Басты міндеттері:

  • Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу;
  • колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;
  • Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу;
  • Кеңестің отырысына әрбір білім алушының жеке ісі бойынша оның ата-анасын немесе оны ауыстыратын заңды тұлғаны шақыру;
  • Мұғалімдер ұжымына немесе ата-аналарға арналған кеңес беру –ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Қабылданған шешімідердің орындалуын бақылау;
  • Өз қызметіне талдау жасау, оның нәтижесі бойынша жылына 1 рет педкеңесте сөз сөйлеу.