“Тәрбие – білім негізі”

26.04.2017ж. Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың жойылғанына 31 жыл толуына  орай «Жеңіс» саябағында Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен қару -жарақтан зардап шеккендердің  ескерткішіне  гүл шоқтарын қою рәсіміне  колледж студенттері қатысты.

 

 

 

 

03.04.2017ж.  Студенттер кәсіподақ ұйымының мушелері  Халық қаһарманы   Ғ.Байтасовтың туылған күніне орай, батырды еске ала отырып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын  қойды.

 

 

 

 

21.04.2017 ж. Жамбыл медициналық колледжінің оқытушыларына Тараз қаласындағы діни экстремизмнің алдын алу және болдырмауға бағытталған  №1 мобильдік тобының мүшелері Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Ж. Өзбекалиев,  Жастар ресурстық орталығының дін проблемаларын талдау секторы Б.Алтынбек және Тараз қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Д.Инкарбекова  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

10.04.2017 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінің  І  курс студенттері арасында 7 – сәуір Бүкіл дүниежүзілік  денсаулық күніне орай, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру мақсатында, дәстүрлі түрде «Спорттық би»  жарысы ұйымдастырылып өткізілді.Жарыстың қорытындысы бойынша «Бас жүлде» номинациясына 109 топ студенттері ие болды, І орынды – 102 топ, ІІ орынды – 112 топ және 107 топ; ІІІ орынды – 113, 111, 110   топтар иеленді. «Үздік киім үлгісі» номинациясына 108 топ ие болды.