Талапкерге

«Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау»

ШЖҚ КМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» орта буынды медицина мамандарын дайындайды.

Мамандығы: 030100 0 – «Емдеу ісі»                                                                              

030101 3 – «Фельдшер» біліктілігі

Оқыту түрі: күндізгі
«Фельдшер» біліктілігі үшін оқытудың нормативтік мерзімі:

негізгі орта білім беру базасында (9 сынып) – 3 жыл 10 ай

жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы:09130200– «Акушерлік іс»                                                                            

4S09130201 «Акушер»  біліктілігі

Оқыту түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі:
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы : 09130100 «Мейіргер ісі»                                               

 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі

Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 3 жыл 6 ай

ТжКБ базасында (орта медициналық білімі бар және 3 жыл еңбек өтілі бар) – 1 жыл 6 ай

Оқыту түрі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы : 09130100 «Мейіргер ісі»                     

 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі

Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
негізгі орта білім беру базасында (9 сынып) – 3 жыл 10 ай

жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі  қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы : 09130100 «Мейіргер ісі»                              

3W09130101  «Күту ісінің кіші мейіргері» біліктілігі

Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
негізгі орта білім беру базасында (11 сынып) 10 ай

Оқыту түрі  қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы : 09160100 «Фармация»                                   

4S09160101 Біліктілігі: «Фармацевт»

 Оқыту түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі:
жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Мамандығы:  09140100 «Лабораториялық  диагностика»                                

Біліктілігі: 4S09140101 «Медициналық зертханашы»

Оқыту түрі: күндізгі
негізгі орта білім беру базасында (9 сынып) – 3 жыл 10 ай

жалпы орта білім беру базасында (11 сынып) – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Жамбыл жоғары медициналық колледжге түсу емтихандары:

-жалпы орта білімі бар (11 сынып) оқуға түсушілер үшін үш пән  бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және «Емдеу  ісі», «Мейіргер ісі», «Зертханалық диагностика»

мамандықтарына бейіні бойынша – биология, «Фармация»  мамандығына – химия пәндерінен тапсырады);

-негізгі  жалпы білімі бар (9 сынып) оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі  және   «Мейіргер ісі», «Емдеу  ісі», «Зертханалық диагностика» мамандықтарына бейіні бойынша –  биология пәнінен тапсырады);

-мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

Мамандығы  «Мейіргер ісі»,

«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігіне (оқу мерзімі 1 жыл 6 ай) оқуға түсу емтиханы эссе жазу түрінде өткізіледі.

Жамбыл жоғары медициналық колледжіне оқуға азаматтардың өтініштерін 2020 жылдың 20 маусымнан бастап онлайн режимінде «Egov» порталы арқылы немесе қағаз түрінде колледжде қабылдайды.

Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса келесі құжаттарды электронды және қағаз нұсқада тапсырады:

– жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе туу туралы куәлік);

–  білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

– №086-е нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюорография суретімен

(І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы 088-у нысаны бойынша);

–  3×4 көлемдегі сурет – 4 дана.