«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру –өзекті мәселе» тақырыбында колледж студенттерімен диалогтық алаң өткізілді.

21.09.2021ж. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру –өзекті мәселе» тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерімен диалогтық алаң өткізілді. Іс-шара спикерлері:
1. Ажибаев Айбек Иткараевич – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы.
2. Сүйімқұл Шарафат Батырбекқызы – «Нығмет Нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы
3.Федорова Ирина Геннадьевна – «Азамттардың құқығын қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігінің презиеденті.
4. Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич – «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының заңгері.