Спорттық жарыс

13.04.2018ж. № 4 Жалпы білім беру және гуманитарлық ЦӘК төрағасы басшылығымен Б.А.Нұрғабылов және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары; колледж студенттер кәсіподақ  ұйымымен ұйымдастырылған 7- сәуір Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты колледждің І-ші курс студенттері арасында «Спорттық биден» жарыс өтті.
Жарыста бас жүлдеге ие болған «Мейіргер ісі» бөлімі 107 топ, кураторы Т.С.Алимкулова
І орынға «Емдеу ісі» бөлімі 115 топ, кураторы Д.М.Жунисова
ІІ орынға «Емдеу ісі» бөлімі 108 топ, кураторы А.А.Буксукбаева
ІІІ орынға «Мейіргер ісі» бөлімі 103 топ, кураторы М.Ж.Жакипова иеленіп, мадақтамамен марапатталды.


Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауын қолдау мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына және 7-сәуір Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымын өтетін арнаулы орта оқу орындары арасындағы командалық жарыс өткізілді.

Қазылар алқасы:

  1. Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы
  2. Колледждің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Лаззат Тұрарқызы
  3. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерін қарау бөлімінің басшысы – Жигитеков Тұрғын Рахметханұлы
  1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалының басшысы- Бокаева Мавлюда Жапсарбайқызы
  2. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушысы Алшанбаев Олжас Елеукенұлы
  3. Тәрбие жұмысының меңгерушісі Мейрманова Лаззат Қасеналықызы
  4. Құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Үсенов Рахат Бәкенұлы
  5. «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Қалымбетова Жанна Бақытқызы
  6. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы – Уркимбаева Динара Бердалықызы төрелік етті.

Жарыс түрлері

    1. «Волейбол» – (әр командада 6 ойыншыдан ойнайды 2 қосалқы ойыншы болады (қыздар командалары арасында өтті)
    2. «Кіші футбол» – (әр командада 4 ойыншы 1 қақпашы 2 қосалқы ойыншы болады (ұлдар командалары арасында өтті)

Жарыста: «Волейбол» –  (қыздар командалары арасында)
І- орынды Жамбыл медициналық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз – Парасат колледжі иеленді
ІІ- орынды Абай атындағы педагогикалық колледжі иеленді
«Кіші футбол» – (ұлдар командалары арасында )
І- орынды Жамбыл политехникалық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз  химия технологиялық колледжі иеленді
ІІ- орынды Тараз – Парасат колледжі иеленді.
Жарыста  орын алған командалар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.