«Sanaly urpaq» студенттік клубы, «PULSE TV» телестудиясы және «Jasyl daʼrihana» жылыжайының ашылу салтанаты

18.06.2019 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық алаңын» ашу бастамасы. Аталған ұсынысқа ағымдағы жылдың 12 ақпанында «Жамбыл – адалдық алаңы» атты жобасын іске асыру аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжі қолдау көрсетіп, «Адалдық алаңын» құрды. Мұндай бастамалар өз жалғасын тауып, жоспар бекітіліп, «Sanaly urpaq» студенттік клубтарын ашу жоспарланды. Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және студент-жастарға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресу. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің А және Б корпустарында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастардың бойында әділдік және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу, бекітілген бастамаларды қолдап, студенттік жастарды қолдау мақсатында «Sanaly urpaq» студенттік клубын, «PULSE TV» телестудиясын және «Jasyl daʼrihana» жылыжайының ашылу салтанаты өткізілді. Аталған іс-шараның лента қию рәсіміне  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Тюлебаев Р.Қ. шақырылды. Ашылу салтанаты соңы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Қ.  Тюлебаевпен еркін форматтағы сұхбатпен аяқталды.