Республикалық семинар

Жамбыл жоғары медициналық колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты нығайту мақсатында 29.04.2020 жылы on-line тәртібінде «Медициналық колледждерде оқу үрдісін ұйымдастыруда қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
• Семинарға 40-тан аса республикалық медициналық колледждері қатысты.
• Семинарды колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова жүргізді.
Директордың орынбасарлары Қуанышбекова Л.Т. «Қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру»,
Андакұлова Қ.Т. «Дистанционное обучение в Жамбылском высшем медицинском колледже путем применения системы электронного обучения Moodle» тақырыптарында,
сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Д. Калматаев атындағы Семей мемлекеттік жоғары медициналық колледжі, Алматы қ. «Интердент» жоғары медициналық колледжі, Талдықорған жоғары медициналық колледжі, Түркістан жоғары медициналық колледжі, Актөбе қ. «Баишев» жоғары медициналық колледжі, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Өскемен жоғары медициналық колледжі оқытушылары баяндама жасап, қашықтықтан білім беру технологиясын оқу үрдісінде қолдану бойынша тәжірибе алмасты.
Күн тәртібіндегі сұрақтар талқыланып, семинардың Қарары қабылданды.