“Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына”

23.09.2020 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие бөлімі, “Елу жылда – ел жаңа” ұйымымен бірлесе отырып, “Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына” тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: “Отбасы” құндылығы, отбасы туралы ұғымдарын кеңейтуге, сүйе білуге үйрету. Ата – ана және бала қарым – қатынасын, өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, отбасы тәрбиесінің мән – маңыздың ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеу баулу, алдағы өмірге даярлау.