Орыс тілі пәнінен олимпиада

5.05.2019ж. №1 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттер арасында «Знатоки русской грамматики» тақырыбында колледжішілік орыс тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты: Студенттердің орыс тілі пәні бойынша білім мен білік деңгейін қалыптасқан таным түсінік, инттеллектуалдық, логикалық ойлау шеберліктерін шыңдау, білім беру жүйесін жетілдіру тұрғысындағы кәсіби- шығармашылық , белсенділік қатынасын қалыптастыру.
Олимпиада нәтижесі бойынша:
І орын – «Мейіргер ісі» 107 топ студенті Мусабек Д.
ІІ орын – «Мейіргер ісі» 106 топ студенті Нұрболат Г
ІІІ орын – «Емдеу ісі» 111 топ студенті Тоққанова А ие болды. Қалған студенттерге Алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.