Орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және симуляция орталығы жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда Жамбыл жоғары медициналық колледжінде орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және симуляция орталығы жұмыс жасайды. Орталықта келесі мамандықтар бойынша біліктілігін арттыру циклдары жүргізіледі: «мейіргер ісі», «емдеу ісі», «акушер ісі». 2022 жылға арналған күндізгі (оффлайн) және қашықтықтан оқыту (онлайн) негізіндегі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай біліктілігін арттыру циклдары жүргізіледі. «Емдік және классикалық массаж», «Рентгенологиядағы мейіргер ісі», «Мейіргер ісі» бағдарламалары бойынша сертификаттау курстары өткізіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=ulo_W3AfhVs