«Оқуға құштар колледж»

22.10.2022ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «COWORKING» оқу орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында Абай шығармалары негізінде «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» тақырыбында библио-кросс жарысы өтті. Оған 104, 114 топ студенттері қатысты. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздері арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу.