Оқу жылына қабылданған топтардың кураторларымен жиналыс

2022 жылдың 27-қыркүйек күні, психологиялық қызметтің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылына қабылданған топтардың кураторларымен жиналыс өткізілді.
Топ жетекшілерге студенттерге арналған сұраныс парағы, үй актісі, психо-педагогикалық картасын толтыру үлгісі түсіндірілді. Оқу жылына қабылданған кураторларға студенттермен, топпен тығыз қарым-қатынаста болуға кеңес берілді.