Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқу – өндірістік жұмысы

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқу – өндірістік жұмысы

Жамбыл жоғары медициналық колледжі нарық заманына сай жоғары кәсіпті орта буынды мамандарды дайындайды. Біздің басты міндетіміздін бірі жоғары білікті, өз ісін білетін, бәсекеге қабілетті, заманауи медициналық жетістіктерді қолдана отырып сапалы медициналық қызмет көрсете алатын мамандарды дайындау.

Тараз қаласы Пушкина көшесі №24 мекен – жайда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәжірибелік сабақтары өтетін Б корпусы орналасқан. Б корпусында материалды – техникалық базасы дамыған, клиникалық пәндерде жоғары технологиялық манекендерді қолдануға болатын кабинеттер мен лабораториялар орналасқан.

Қазақстан Республикасының медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша құрастырылған оқу бағдарламасы және медициналық колледждерде кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады, жоспарланады және өткізіледі.

Оқу- өндірістік жұмыстың негізгі міндеттері:

– кәсіби тәжірибенің барлық деңгейлерінде студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру және нығайту үшін медициналық ұйымдармен жұмыс жүргізу;

-студенттерді дайындауда сапаны арттыру мақсатында инновациялық мейірбике ісі технологияларын қолдану;

-бітірушілерді жұмыспен қамыту мақсатында аймақтық ұйымдарында медициналық кадрлардың қажеттілігін зерттеу.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасы ретінде медициналық ұйымдардың тізімін бекітеді. Тәжірибенің барлық түрлерін өту үшін және әр студентті жеке жұмыс орнымен оқу тәжірибесі кезінде қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының және Жамбыл облысының 41 медициналық ұйымымен келісім шарт құрылды.

Келісім шартта денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын болашақ мамандарды дайындаудағы бірігіп жұмыс істеудің мазмұны, түрі, талабы көрсетілген. Барлық тәжірибе түрлерінен типтік бағдарламаға сай оқу бағдарламасы құрастырылып, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен бекітілген. Тәжірибелік сабақтар 29 жабдықталған кабинеттерде, 3 фармацевтикалық зертханада және шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған оқу-симуляциялық станциясында өтеді.

Оқу кабинеттері мен лабораториялар жоғары сапада өткізуге болатын, білікті мамандарды дайындауға болатын оқу – әдістемелік әдебиеттермен, техникалық оқу құралымен жабдықталған. Оқу кабинеттері мен лабораториялар студенттердің болашақ мамандығына және жұмыс орнына сай жабдықталған. Кабинеттер студенттердің базалық, арнайы, касіби құзыреттілігін нығайту үшін жабдықталған. Колледж кабинеттері мен лабораториялары заманауи медициналық құралдармен және тренажерлармен жабдықталған – жасы келген науқасты күту, нәрестені күту, жүрек өкпе реанимациясын жүргізу манекендері, күтім бойынша жан жақты манекендер мен тренажерлар.

Біздің колледжде жыл сайын халықаралық , республикалық, облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кәсіби сайыстар, түлектермен кездесулерді өткізу дәстүрге айналған. Осындай іс шаралар студенттердің жауапкершілігін және кәсіптілігін арттырады.Бітіруші топтардың студенттері бірнеше рет Республикалық сайыстарда, халықаралық конференцияларда жүлделі орынға ие болды.

Біздің колледждін оқытушылары мен студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Республикалық облыстық қалалық акцияларға және кайырылымдық акцияларға белсенді қатысады.

Сонымен, колледжде:

-тәжірибелік оқыту нормативті құжаттарға және ҚР медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүргізіледі;

-жыл бойына әдістемелік жұмыс және материалды -техникалық база дамып келеді;

-Жамбыл облысының және Тараз қаласының медициналық ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарылады;

-орта буынды медициналық қызметкерлерді дайындауда оқу процессінің жұмысы ұйымдастырылып оқу жоспары бойынша жүргізіледі.