Колледжішілік кәсіби байқаулар

14.03.2022 ж.

№1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссия оқытушылары  Б.С. Мадимарова, Н.М.Нурмашев  «Емдеуісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі ІІІ-IV- курс топ студенттері арасында

«Үздік фельдшер-2022» кәсіби  байқауы өткізілді.

Сайыстың әділ-қазы төрайымы:

К.С.Кызгараева – Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігерінің орынбасары

Әділ-қазы алқасы мүшелері:

  1. Б.А.Абитаев – Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының оперативтік бөлімнің меңгерушісі
  2. А.Ж.Мирсеитов- Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының арнайы бригадасының дәрігері
  3. Д.У.Садыбекова -Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас фельдшері.
  4. Б.А.Ережепов- Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының орталық подстанциясының аға фельдшері.

5.Р.Т. Сабырбекова- Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының  «Барс» подстанциясының аға фельдшері

Сайыс қорытындысы бойынша:

I орын иегері 411 топ студенті Шаншархан А.

II орын иесі 411 топ студенті Ерғара С.

IIIорыниесі 313 топ студентіДүйсенова Г.

IIIорыниесі 313 топ студентіБегманова Ж.

15.03.2022 ж. №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушылары У.Б.Тулегенова, Н.Ж.Чайжанованың ұйымдастыруымен  «Мейіргерісі» мамандығы «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі ІV-курс топ студенттеріарасында«Үздік мейіргер-2022» кәсіби  байқау өткізілді.

Әділ қазылар алқасының  төрайымы:

Г.Б.Назарбекова  – Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары. Әділ –қазылар алқасы  мүшелері:

  1. Ф.С.Баймуханова -Облыстық көп бейінді ауруханасының орта буын қызметкерлерінің жетекшісі
  2. Л.Т.Бокушева-Жамбыл облысы бойынша штаттан тыс бас маман және мейірбике ісі бойынша үйлестіруші.
  3. А.К.Бейсенова -Қалалық көп бейінді аурухананың бас мейіргері
  4. Е.А.Тимина-№6 Қалалық емхананың бас медбикесі
  5. Д.Т.Көпжанова- Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының бас медбикесі.Сайысқорытындысы:

І дәрежелі дипломмен 408 топ студентіД.Тоқтарбай

ІІ дәрежелі дипломмен 402 топ студенті А.Тоқанова

ІІІ дәрежелі дипломмен 408 топ студенті К.Қырықбай

16.03.2022ж. №1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссия оқытушылары Н.Б.Қалданова, М.Н.Халдарбекова «Емдеуісі» мамандығы «Акушер» біліктілігі «Үздік акушер-2022 жыл»колледжішілік байқау өткізілді.

Әділ-қазы алқасы мүшелері:

 Оразбекова Сауле Ердаулетовна – «ZHANUYA емханасы» КжТҒКО  ЖШС филиалының акушер –гинекологы.

Жамирова Гаухар Шакировна – «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» акушерия және  гинекология пәнінің штаттан тыс оқытушысы, акушер гинеколог.

Жамирова Гаухар Шакировна – «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» акушерия және  гинекология пәнінің штаттан тыс оқытушысы, акушер гинеколог.

Сайыс қорытындысы:

І дәрежелідипломмен 314 топ студенті Н.Қадырханова;

ІІ дәрежелідипломмен 314 топ студенттеріЗ.Қызайымбек, Н.Орынбаева;

ІІІ дәрежелідипломмен 314 топ студенті

Ұ. Тангрибергенова.

 

 

17.05.2022 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі №1 жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Д.Қ.Назардың ұйымдастыруымен, «Мейіргер ісі» мамандығы «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі II курс студенттерінің арасындағы «Анатомия және физиология үздігі» байқауы өткізілді.

Сайыстың мақсаттары:

  1. Болашақ мейіргерлердің құзыреттілігін дамыту, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге көмек көрсету.
  2. Студенттердің топтаса біліп, логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , шапшаңдыққа жұмыс істей білуін дамыту.
  3. Медицина саласындағы мейіргерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Болашақ медицина мамандардын даярлаудың жаңа заманауи бағыттарын қалыптастыруға жәрдемдесу. Байқауға орай Анатомия және физиология пәні бойынша шығарылған тест және сөздік жинақтарының лентасы қиылды.

Сайысты өткізу мақсатымыз:

– болашақ мейіргерлеріміздің «Анатомия және физиология» пәнінен теориялық және тәжірибелік білімдерінің деңгейін тексеру. Медициналық және әлеуметтік күтім саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіруін және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.

  1. топ «Рефлекс» -1орын
  2. топ «Адреналин» – 2 орын
  3. топ «Жүрек»-3 орын
  4. топ «Энцефалон»

Үздік капитан:Темірбекқызы Жангүлім. Жүлделі орын алған топтар мен студенттерімізді құттықтаймыз.

29.04.2022 ж. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионат нәтижесі бойынша 1 орынды «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК колледж студенті Қырықбай Қ.А., 2 орынды Вердиева Р.М., 3 орынды «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» студенті Турсалиева А.Е иеленді.

1 орын иеленген қатысушы Қырықбай Қ.А. «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2022» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды.

20.04.2022 ж.  Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдық мерейтойына орай Ұлы ұстаз – Ахмет Байтұрсынұлының өшпес өнегесін, сарқылмас мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты облыстық колледжаралық байқау өткізілді.

Байқауға облыс бойынша 8 колледж қатысты.

  1. «Алаш ұландары» тобы Жамбыл индустриалды- технологиялық колледжі
  2. «Жалындаған жас ұстаз» Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
  3. «Замандастар» Қазіргі заман гуманитарлық – техникалық колледжі
  4. «Ғалым» №9 Меркі колледжі
  5. «Жас алаш» Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
  6. «Алаш жастары» Құлан агротехникалық жоғары колледжі
  7. «Шамшырақ» 17 колледжі
  8. «Ғылым» Білім колледжі

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Жалындаған жас ұстаз» тобы.

І дәрежелі диплом: Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Жас Алаш» тобы.

ІІ дәрежелі диплом: Құлан агротехникалық жоғары колледжі «Алаш жастары» тобы

ІІІ дәрежелі диплом : Білім колледжі «Ғылым» тобы.

Қалған қатысушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

24.09.2021ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына» орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері арасында «WorldSkills Jamdyl-2021» облыстық «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша чемпионатын ұйымдастырды. Чемпионатқа Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері мен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж студенттері қатысты. Жүлделі I орынға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімі, 404 топ студенті М.Е.Лесқалиев, II орынға «Мейіргер ісі» бөлімі, 401 топ студенті Н.Н.Қалдыбаева, III орынға «Тараз-Болашақ» колледжінің студенті Е.Молдабай ие болып, Дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, чемпионатты өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқаны үшін колледж ұжымы мен колледж оқытушылары С.С.Тұрғынбекова, А.М.Даулетов Алғыс хаттармен марапатталды.

«Десмургия» пәнінен «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат

№2 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушылары Е.А.Жұбатхан, Б.Т.Адильбеков «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 406, 418 топ арасында  «Десмургия» пәнінен «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат өткізді. 

Сарапшылар төрайымы: колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова.

Сарапшылар мүшелері: Р.Б.Молдабаев- «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының» дәрігер хирургі 

Д.Д.Алипбаев – «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының» дәрігер хирургі

 Б.Т.Досжанов – «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының» нейрохирургия бөлім меңгерушісі.

Сайыс жеңімпаздары:

I Дәрежелі Диплом – Т.Е.Амангельдиева, 418 топ студенті

II Дәрежелі Диплом – Ж.М.Әбілқасымова, 418 топ студенті

III Дәрежелі ДипломМ.Ж. Коракулова,  406 топ студенті

 


«Акушер» біліктілігі арасында «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат

№1 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушылары А.Қ.Коконбаева мен А.М.Жақай «Емдеу ісі» мамандығы, «Акушер» біліктілігі, 419, 420 топ арасында «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат өткізді.

Сарапшылар мүшелері:

С.Е.Оразбекова, «ZHANUYA емханасы» КжТҒКО  ЖШС филиалының акушер –гинекологы

Г.Ш.Жамирова, «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» акушерия және  гинекология пәнінің штаттан тыс оқытушысы

С.С.Альжанова, «Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК перинаталдық блок бойынша аға акушеркасы

Сайыс жеңімпаздары:

I Дәрежелі Диплом – Ұ. Рахметова,  420 топ студенті

II Дәрежелі Диплом – Н.Сағындықова, 419 топ студенті

III Дәрежелі Диплом – Г.Мырзахан, 420 топ студенті

 


«Фельдшер» біліктілігі арасында «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат

№1 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушылары С.Н.Серік, Р.Б.Құлахмет «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі,  408, 409, 417 топ арасында «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат өткізді.

Сарапшылар төрайымы: колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова.

Сарапшылар мүшелері:

«Жедел бөлім меңгерушісі, дәрігер-эксперт« Б.А.Абитаев

№1″Барыс» қосалқы станциясының аға фельдшері Р.Т.Сабырбекова

 Жедел жәрдем станциясының фельдшері, профком төрағасы А.Х.Абишева. 

Сайыс жеңімпаздары:

 I  Дәрежелі диплом – О.Қ. Жарылқасын 408 топ студенті  

II Дәрежелі диплом –  Б.Ж.Дайран 417 топ студенті

III Дәрежелі диплом – Н.Б.Нуридин  409 топ студенті


«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионат

№3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушылары Бахаева А. Д. Кудебаева Э. Ж.  «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «WorldSkills-2021» колледжішілік чемпионаты.

Сарапшылар төрайымы: колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова.

Сарапшылар мүшелері:»Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының» бас медбикесі Г.Б.Назарбекова

«№5 Қалалық емханасының» бас медбикесі Е.А.Москаленко

«№2 Қалалық емханасының» бас медбикесі  М.Т.Аманбекова

Сайыс жеңімпаздары:

I  Дәрежелі диплом – Ұ.Орынбаева 403 топ студенті

II Дәрежелі диплом  – А.Мухитова 401 топ студенті

III Дәрежелі диплом – Әлімхан 402 топ студенті 


«WorldSkills Jambul-2020» облыстық чемпионат

06.10.2020ж. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және Кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ жетекшілігімен»Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Медициналық және әлеуметтік көмек» кәсіби құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Jambul-2020» облыстық чемпионаты өткізілді. «WorldSkills Jambul-2020»  облыстық чемпионатта  I орынға  колледж атынан сайысқа түскен Сүйінбек Кәрім ие болды. Жамбыл облысының әкімдігі білім басқармасының басшысы Г. Ходжабергенованың атынан берілген алғыс хатпен марапатталды.


«Үздік мейіргер – 2020» сайысы

04.03.2020 ж. Мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практика мейіргері» ІV курс студенттерінің арасында «Мейіргер ісі негіздері»пәнінің оқытушылары Э.Ж.Кудебаева, Г.С.Токкулиеваның ұйымдастыруымен «Үздік мейіргер – 2020» сайысы өтті. Сайыстан жүлделі орын алған студенттер:

I орын – Сенғали Динара 415 топ студенті,

II орын- Әбдікерім Балжан  414 топ студенті

III орын- Тюмин Александр  412 топ студенті.

«Дәрігерге дейінгі шұғыл көмек» кәсіби шеберлік байқауы

04. 03. 2020 ж. «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» жəне «Акушер» біліктілігі IV курс студенттерінің арасындағы оқытушы Баетова А.Қ. «Дəрігерге дейінгі шұғыл көмек» кəсіби шеберлік байқауы өткізді. Сайыстан жүлделі орын алған студенттер:

I орын – Жұмабекова Ұлмекен 416 топ студенті

II орын – Қали Аяулым 416 топ студенті енті

III орын – Аширова Құралай 419 топ студенті

«Десмургия – 2020» кәсіби сайысы

12.03.2020 ж. Мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» IV курс студенттерінің арасында «Хирургиядағы мейіргер ісі» пәнінің оқытушылары А.М. Даулетов,  М.Л.Ералиевтің ұйымдастыруымен  «Десмургия – 2020» кәсіби сайысы өтті.

Сайыстан жүлделі орын алған студенттер:

I орын – Камчибеков Арнат 402 топ студенті

II орын – Тулендиев Нұрдаулет 408 топ студенті

III орын – Данибай Ақмоншақ 406 топ студенті

Медициналық колледждері түлектерінің арасындағы «Үздік фармацевт – 2019» республикалық сайысы

03.04.2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан медициналық колледждері одағының келісімімен және «Фармация» мамандығы оқу-әдістемелік бірлестігінің бекітуімен Республикалық «Үздік фармацевт – 2019» байқауы өтті.
Сайыстың мақсаттары:
1. «Фармация» мамандығы бойынша медициналық колледждердің түлектерінің кәсіби дайындықтарының сапасын бағалау.
2. Еңбек нарығында жоғарғы бәсекелестікке сай болу үшін, студенттердің сапалы кәсіби білім алуы деңгейін арттыру.
3. Мамандарды дайындауда медициналық колледждердің және фармацевтикалық ұйымдардың жұмыстарын біріктіру.
Байқауды өткізу кезеңдері:
I кезең – теориялық білімдерін бағалау – Тестілеу
II кезең – тәжірибелік білімдерін бағалау
1 тапсырма «Nota bene!»Сайыскерлер «Маркетинг және менеджмент негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы» пәні бойынша жағдаяттық тапсырмаларды орындады.
2 тапсырма «Көне аңыздар мен әңгімелерде кездесетін дәрілік өсімдіктер» Сайыскерлер дәрілік өсімдікті анықтайды, орысша, қазақша, латынша атауларын айтады. Берілген дәрілік өсімдік шикізаттар үлгілері бойынша таңдаған дәрілік өсімдік шикізатын табады, қолданылуын айтты.
3 тапсырма «Фармакология – өте маңызды» Сәйкестікке тапсырма. Сайыскерлер таңдаған препараттың фармакологиялық тобын, сауда атауын, қолдану көрсеткішін сәйкестіреді. Рецепт жазды.
4 тапсырма «Рецептуралық – өндірістік бөлімнің тыныс тіршілігі» Сайыскерлер рецептуралық жазбалар бойынша қатты және сұйық дәрілік нысандарды дайындады.

Іс-шара «Жамбыл жоғары  медициналық колледжі» ШЖҚКМК директоры Сарыбекова Жәмиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен басталды.
Әділ – қазылар алқасының мүшелері:
1.Бердешова Үміт Асқарбекқызы- ҚР ДС министрлігі Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы
2.Андакулов Бейсенбай Андакулович – «Ерко» ЖШС директоры
3.Сагиндыкова Баян Ахметова – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор
4.Айтқұлова Ляззат Онгарқызы – «Әмір және Д» ЖШС атқарушы директоры
5.Абдиева Шара Сейтханқызы – «Садыхан» ЖШС директоры
6.Даурбаева Хасима Акылбековна – ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Тараз қаласындағы аумақтық филиалы
7.Ибрагимова Гүлжазира Сейтжанқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық жабдықтар бөлімінің бастығы
Іс-шараға шақырылған құрметті қонақтар:
1. Жамалов Т.С.- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары.
2. Коңырова С. К – Байзақ ауданының, Тараз қаласының құрметті азаматы
3. Жайлышева А.Ж. – Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.
4. Бүркітбаева Ляйля Бүркітбайқызы – «Қоныс Б» ЖШС директоры
5. Аккулиева Катира Орынбаевна ТОО “Галеника” директоры
Байқауға Республиканың Шымкент, Қостанай, Атырау, Семей, Түркістан, Нұр – сұлтан, Көкшетау, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Талдықорған қалаларынан 16 колледж студенттері қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша:
І орын – Абдыкадырова Луиза Гламжановна – Шымкент жоғары медициналық колледжі.
ІІ орын – Муртазаева Айгерим Жанатовна – Қарағанды медициналық колледжі.
ІІІ орын – Куанова Луиза Жасталаповна – Орал медициналық колледжі.
Номинация бойынша:
«Көрермендер көзаймы» Мұсағалиева Ақнұр Ануарбекқызы – Атырау медициналық колледжі
«Үздік технолог» Бородкина Дарья Андреевна – Көкшетау жоғары медициналық колледжі
«Үздік фармоколог» Деркач Анастасия Владимировна – Ақтөбе жоғары медициналық колледжі
«Дәрілік өсімдік білгірі» Житина Эллона Андреевна – Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі
«Үздік фармация ұйымдастырушысы»Иманкулова Карина Кайратовна – Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі.
Барлық қатысушыларды марапаттап, жетекшілеріне алғыс білдіре отырып, сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

«Үздік медбике – 2019» кәсіби сайысы

26.03.2019 ж. Жамбыл медициналық колледж Б корпусының мәжіліс залында «Мейіргер ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік медбике – 2019» кәсіби сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің түрлі ағзалар мен жүйелердің бұзылыстары кезінде науқасқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету тапқырлығын анықтау. Жауапты: «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушылары А.Т.Парманова, А.Р.Байбулекова. Жарыс нәтижесі бойынша:
І дәрежелі диплом жеңімпазы «Мейіргер ісі» бөлімі  407 топ студенті Қасымова Сара
ІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  409 топ студенті Әбдіқадырова  Айнұр
ІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  404 топ студенті Жауабек Назерке
ІІІ дәрежелі диплом «Мейіргер ісі» бөлімі  404 топ студенті Елубай Нұрай  марапатталып, сыйлықтар табысталды.

 

 

«Жедел жәрдемнің үздік бридагадасы» кәсіби сайысы

27.03.2019 ж. Жамбыл медициналық колледж Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі  IV курс студенттері арасында болашақ фельдшердің теориялық және тәжірибелік дағдыларының сапасын тексеру және әр түрлі төтенше жағдайда олардың тез арада шешім қабылдап, жедел жәрдем көрсете білу қабілеттерін тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында «Жедел жәрдемнің үздік бридагадасы» кәсіби сайысы өтті. Жауапты: «Ішкі аурулар» пәнінің оқытушылары А.Б.Әріпбай, А.Қ. Қоқанбаева. Жарыс нәтижесі бойынша:
Бас жүлде «Авиценна» тобы «Емдеу ісі» 416 топ студенттері Нұржанқызы А, Сахмолдинова Д.
І орын  «Адреналин» тобы  «Емдеу ісі» 415 топ студенттері Абдыкаппарова Н, Тилепбай Н
ІІ орын «Болашақ» тобы «Емдеу ісі» 401 топ студенттері Жақсыбек А, Сарсенбаева Г.
ІІІ орын «Гиппократ» тобы «Емдеу ісі» 422 топ студенттері Рысбек Д, Ермаханбет А марапатталып, сыйлықтар табысталды.

 

 

«Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы

16.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Ішкі аурулар пәнінің оқытушысы Зиябекова Д.А., Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің оқытушысы  Баетова А.Қ.

   

«Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы

16.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік фельдшер тобы» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Ішкі аурулар пәнінің оқытушысы Зиябекова Д.А., Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің оқытушысы  Баетова А.Қ.

   


«Үздік акушер – 2018» кәсіби сайысы

14.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Емдеу ісі» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік акушер – 2018» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Акушерия және гинекология  пәнінің оқытушылары Жарасова Ж.C., Айдаралиева Д.Д.

   

   


«Үздік медбике – 2018»

13.03.2018 ж. Б корпусының мәжіліс залында «Медбикелік іс» мамандығы IV курс студенттері арасында «Үздік медбике – 2018» кәсіби сайысы өтті.
Жауапты: Медбикелік ісі негіздері пәнінің оқытушылары А.С. Онгарбаева, Р.Д. Мухажанова.

    


«Хирургия» пәнінің оқытушысы А.М. Дәулетов  студенттер  арасында «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» пәнінен  «Десмургия» кәсіби сайысын өткізді. Сайысқа қатысқан студенттер:  «Емдеу ісі» мамандығы  Садықбекова С. (301топ), Мырзабекова А. (302топ), Белхожаева А. (303топ), Сегізбай Д. (304топ), Қасымбекова А.(320топ), Әсілбек Ғ. (324топ).  Сайыстың мақсаты: ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі білікті шұғыл медициналық көмек көрсету; әртүрлі зақымданулар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін меңгере білу; өмірге қауіп төндіретін және шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсете білу;     студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру; жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу; студенттерді өз ісіне тиянақты, ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;  студенттердің теориялық білімдерін клиникалық тәжірибеде қолдана білуге және клиникалық ойлау қабілетін , зерделілік қасиеттерін жетілдіру.

     

Әділ қазылар шешімі бойынша 324 топ студенті Әсілбек Ғ. гран при иеленді. Сайысты қорытындылау сөзі және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасының төрайымы Жамбыл медициналық колледжінің директоры Ж.Н.Сарыбекова берілді. Сайыс жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.


          11.03.2017 жылы «Емдеу ісі» бөлімінің  «Фельдшер» мамандығының  4 курс студенттері арасында «Аумақтағы жедел жәрдем»  колледжішілік байқауының ІІ кезеңі өткізілді. ІІ кезеңге іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 6 студент (Забидова М. 407 топ, Рапикова Н. 408 топ, Идрисова А., Якшимуратова К. 419 топ,  Абилкасым А., Сельцова А. 421 топ) қатысты. Байқаудың  ІІ кезеңі 4 турдан  құралған.  I тур – «Үй тапсырмасы»,  II тур – «Медициналық  биатлон»,  IІІ тур –  «Көліктік иммобилизация», ІV тур – «Практикалық дағдыларын дамыту бойынша жүрек-өкпе реанимациясын бағалау».   Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.   Гран-при иегері 421 топ студенті Абилкасым Айдана,  І орын иегері 407 топ студенті Забидова Малика,  ІІ орын иегері Идрисова Александра 2017  жылдың 15 наурыз  күні Омбы медициналық колледжінде өтетін халықаралық  «Чемпионат профессионального мастерства  «Территория неотложной помощи» байқауының І-ші турына онлайн жүйесінде өткен тестілеуге қатысты. Тестілеу қорытындысы: Абилкасым А. – 87 балл, Забидова М. – 92 балл, Идрисова А. – 92 балл. ІІ кезеңі Омбы қаласында 6 сәуірде өтеді


        10.03.2017 жылы  «Мейірбике ісі» бөлімі 4 курс студенттері арасында «Үздік медбике»  колледжішілік  байқауының  II  кезеңі  өтті.  II кезеңге  іріктеу  кезеңінен  сүрінбей өткен  7 студент (409 топтан Ахмедияева Б., 410 топтан Әбдімақын Ж., 411 топтан Сарсенова А., Мұхтар Н.,  412 топтан Бекмаханбет Д.,  423 топтан Арқұл К.,  428 топтан Сайлаубай  Г.) қатысты.   II кезең   IV турдан  құралған.   1 тур – «Таныстыру”,  2 тур – «Блиц-турнир», 3 тур – «Клиникалық жағдайларды шешу»,4 тур – «Шұғыл жағдайларда көмек көрсету».  Әділқазылар шешімі бойынша, жеңімпаздар анықталды:     Гран-при иегері 411 топ студенті А.Сарсенова,  І  орын  иегері 410 топ студенті Ж.Әбдімақын,  ІІ орын иегері 411 топ студенті Н.Мұхтар, ІІІ орын иегері  409 топ студенті Б.Ахмедияева.  Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Гран-при иегері 411 топтың студенті Сарсенова Альфия 2017  жылдың 14 сәуір күні Астана қаласында өтетін  «Үздік медбике – 2017» атты Республикалық байқауға жолдама алды.

 


          09.03.2017жылы  «Фармация» мамандығы 4 курс студенттері арасында «Үздік фармацевт» колледжішілік байқауының ІІ кезеңі өткізілді. ІІ кезеңге іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 8 студент (429 топтан  Әліпбекова А., Саметдинова З.,  430 топтан Шитова М.,  Ахметова Ш., Шамсудинова Н., Исмаилова Д., Шамсутдинова Р., Усейн Т.) қатысты.  II кезең  5 турдан құралған.   I кезең – «Фармакогнозия» , II кезең – «Фармакология» , III кезең – «Дәрілік заттар технологиясы», IV кезең – «Фармацевтикалық химия» , V кезең – «Маркетинг және менеджмент негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы». Әділқазылар шешімі бойынша, жеңімпаздар анықталды:     Гран-при иегері 429 топ студенті А.Әліпбекова,  І орын иегері 430 топ студенті М. Шитова,  ІІ орын иегері 430 топ студенті Ш.Ахметова, ІІІ орын иегері  430 топ студенті Н.Шамсудинова.   Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.Гран-при иегері 429 топ студенті А.Әліпбекова 2017  жылдың 7 сәуір күні Шымкент қаласында өтетін  «Үздік фармацевт – 2017» атты Республикалық байқауға жолдама алды.


03.03.2017 ж. «Үздік фармацевт – 2017» және “Үздік медбике – 2017 ” және  “Үздік фельдшер – 2017”  колледжішілік байқауының I туры  колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова және колледж әдіскері Л.К.Батаеваның қатысуымен өтті. Байқауға қатысушылардың арасында жеребе тастау арқылы олардың қатысу кезегі анықталды. Колледждің әкімшілік мүшелері қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.

     


Кәсіби байқаудың әділ-қазы алқасының төрағалығы мен мүшелігіне қалалық медициналық емдеу ұйымдарынан мамандар шақырылды: Пыхыбаева У.К. – Қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігерінің ішкі аудит бойынша орынбасары, байқаудың төрайымы; байқау мүшелері: Молдабаев Р. Б.- № 2 Қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің жоғарғы санаттағы дәрігері, Искалиева Ж. – Қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының фельдшері, аға диспетчер, Тышқанбаева Р. С. – Қалалық перинатальдық орталығының ІІ-ші ана мен баланың бірге болу бөлімінің аға акушері. Сонымен қатар, Тлеубаева М.И. – Жамбыл медициналық колледжінің директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары, Андакулова Қ. Т. – Жамбыл медициналық колледжінің директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
Байқауға «Емдеу ісі» бөлімі 402, 404, 415, 420 топ студенттері қатысты.
Байқау 6 кезең бойынша өткізілді: «Бүгінгі түлек – ертеңгі күнгі маман» тақырыбына презентация, «Бәйге» (блиц – турнир сұрақтары), «Ғажайып есептер» (ситуациялық есептерді шешу), « Кім тапқыр» (электрокардиограмманы оқу), «Кім жылдам» (тәжірибелі дағдыларды орындау қан тамырға тамшылатып дәрі егу), «Десмургия» (таңғыштарды салу). «Үздік фельдшер – 2016» байқауында І-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі 402-топ студенті Әшірханова Ж.; ІІ-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі 404-топ студенті Қанай А., «Емдеу ісі » бөлімі 415-топ студенті Тоқтасын Н.; ІІІ-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі 402 топ студенті Маматаев Е.

 

 


Орта медицина қызметкерлерінің  маңыздылығы мен  қажеттілігін ескере отырып,  кәсіби білімді жетілдіру мақсатымен мейірбике ісі негіздері пәнінің оқытушылары А.Д.Бахаева, Ж.Т. Кикбаеваның ұйымдастыруымен «Үздік мейірбике» байқауы өткізілді.
Байқаудың әділ-қазы алқасының төрағалығы мен мүшелігіне қалалық медициналық емдеу ұйымдарының мамандары шақырылды: Назарбекова Г. Б. – Облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі; Укубаева А. А. – Облыстық балалар ауруханасының аға мейірбикесі. Байқауға «Мейірбике ісі» бөлімі 407, 408, 409, 410 топ студенттері қатысты. Байқаудың 1-ші кезең» тест түрінде өткізілді, жоғары балл жинаған студенттер 2-ші кезеңге өткізілді.
«Негізгі 2-ші кезең 4 тур бойынша өткізілді: «Мейірбике – мейірімділік символы», «Зерек болсаң, шешіп көр», «Мықты болсаң, тауып көр» – клиникалық ситуациялар есептер шығарылды, «Ойлы болсаң, озып көр» – блиц – турнир сұрақтарына студенттер жауап берді.
«Үздік мейірбике» байқауында І-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі 407-топ студенті Амангелді Н.; ІІ-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі 409-топ студенті Дүйсетова Т.; ІІІ-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі 407 топ студенті Тасыбаева А., 410 топ студенті Ниеталы А.
«Үздік мейірбике» атанған Амангелді Несебелі 20 мамыр 2016 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан медициналық колледжі базасында «Мейірбике ісі» мамандығының түлектері арасында өткізілетін «Өткенді бағалаймыз, қазіргімен мақтанамыз, болашақты қалаймыз» атты республикалық кәсіби байқауға жолдама алып отыр. Несібеліге сәттілік тілейміз!

 

 


Жастардың шығармашылық қабілетін арттыру және білімін дамыту, кәсіптік пәндер бойынша білімдерін тәжірибемен ұштастыру, сапалы маман болуға дағдыландыру, инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Үздік фармацевт – 2016» байқауын фармацевтикалық пәндер оқытушысы Ұ.М.Ахметова «Ұлт болашағы білімдінің қолында» ұранымен өткізді. Байқаудың әділқазылар алқасы құрамына «Әмір және Д» ЖШС атқарушы директоры Айткулова Л.О., әділқазылар алқасының төрайымы, «Ерко» ЖШС фармацевті Оңалбаева А.А., «Әмір және Д» ЖШС фармацевті Таштамирова К.М., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлеубаева М.И., директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т.

айқауға «Фармация» бөлімінің 422 топ студенттері Аббасова П., Азизова Н., Әлімбатыр Б., Омашев Д., Рахимова Ф., Шахпазов Д. қатысып өз білімдерін шыңдады. Байқау 6 кезең бойынша өткізілді: Блиц – турнир; Фитоөнімнің презентациясы; «Сандар сөйлейді»; «Фармакология» пәнінен берілген препараттарды фармакотерапиялық топтарға жіктеу; «Фармакогнозия» пәнінен дәрілік өсімдіктер шикізаттарымен тәжірибелік жұмыс; «Дәрілік заттар технологиясы» пәнінен берілген рецепттер бойынша дәрілік түр дайындау.
«Үздік фармацевт -2016» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Омашев Д., 2 орын – Шахпазов Д., 3 орын – Азизова Н.

Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Келешекте біздің колледж түлектері әрқашан жеңістің биік тұғырынан көрініп жүретіндеріне, өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болатынына сенімдіміз.