Облыстық “Үздік аға медбике – 2017” байқауы

04.05.2017 ж. Халықаралық мейірбике күніне арналған орта медициналық білімі бар мамандар арасында өткізілетін «Үздік аға медбике – 2017» атты облыстық байқаудың ІІ туры өткізілді. Байқаудың ІІ туры 3 кезеңнен құралған. 1 кезең – сайыскердің шығармашылық потенциялын бағалау. 2 кезең үш тапсырмадан құралған: 1. Парентеральды инъекция техникасы: бұлшық етке, көк тамырға инъекция енгізу және көк тамырға жүйемен инфузия жасау; 2. Сыртқы қан кетуді тоқтату, жараны алғашқы өңдеуді жүргізу; 3.  Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.  Әділқазылар шешімі бойынша «Үздік  аға медбике – 2017» кәсіби байқауының жеңімпаздары анықталды. І орынды «№2 Қалалық ауруханасы» реанимация бөлімінің аға медбикесі  У.С.Иманкулова,  ІІ орынды  «Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің» аға мейіргері М.М.Миразизов, ІІІ орынды  «Қордай аудандық орталық ауруханасы» балалар бөлімінің аға медбикесі А.О. Куанышбекова  және «Қалалық перинаталдық орталық» жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің аға акушері  Н.К.Дауталиева иеленді. Жеңімпаздар  дипломдармен  марапатталды. Сонымен қатар әділқазылар 2 тур қорытындысы бойынша кәсіби байқау  номинацияларын  тағайындады.  «Мамандыққа адалдығы» номинациясын  «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» қабылдау бөлімінің аға медбикесі   А.Н.Рсалиева, «Ең үздік тәжірибелік дағдылары үшін» номинациясын  «Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» терапия бөлімінің аға медбикесі  А.С.Ошақбаева,  «Ең үздік коммуникация дағдылары үшін» номинациясын «Талас аудандық орталық ауруханасы» ота бөлімінің аға медбикесі  П.П. Ширявская , «Ең үздік менеджер» номинациясын  «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» терапия бөлімінің аға медбикесі А.Б.Жұмамұрат  жеңіп алып, сертификаттарға ие болды.