Облыстық турнир

25.11.2018 ж. күні Жамбыл медициналық колледжінде Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Облыстық турнирге Жамбыл облысының жоғары  және арнаулы орта оқу орындарының студенттері шақырылды. Тараз қаласынан М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық  университеті, Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, Тараз  политехникалық  колледжі, Астана  көпсалалы  колледжінен пікірсайысшылар қатысты. Турнир барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша эссе жазу байқауы мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойын қорытындысы бойынша І орын-Сауқымбек И., Дүйсени Ж. (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), ІІ орын-Кеңес Р., Құсбек Е., (Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі), ІІІ орын-Сатов Н., Сауранбаев Б., (ТарГУ),  «Үздік спикер»- Сауқымбек Б. (ТарГУ), «Үздік төреші»-Сәбит Е. (Жамбыл гуманитарлық колледжі), Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша эссе жазу байқауынан І орынды Кемалов Б. (ТарГУ) иеленді. Сондай-ақ турнир арасында ұйымдастырылған сергіту ойындарының жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.