«Nur Otan» партиясы № 10 «Алау» бастауыш партия ұйымы

22.04.2021 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы № 10 «Алау» бастауыш партия ұйымның 2018 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуірі аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы жиналыс өткізілді. №10 «Алау» бастауыш партия ұйымның
есеп беру жиналысына бірқата мекеме кәсіпорындар өкілдері және Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Сейдәзімов Сембек Әбетайұлы қатысты.