Moodle қашықтықтан оқыту платформасы

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары Moodle қашықтықтан оқыту платформасын қолдануда. Moodle функционалдық мүмкіндіктерінің көптігімен жəне оны қолдану жеңілдігімен электронды оқыту жүйелеріне қойылатын талаптарды қанағаттандыруда. Басты артықшылығы – кроссплатформалы  болуы. Смартфон, планшет, ноутбук, дербес компьютер арқылы қолжетімділігі колледжіміздің оқытушылары мен студенттерге оңай қосылуына жасалған мүмкіндік. Оқытушы сабақ кестесіне сәйкес оқыту курсының материалы қашықтықтан оқыту Moodle платформасына орналастырылады. Жүйеде оқытушы мен студент арасында жүретін кез келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады: мəтіндік бет, веб-бет, файлға немесе веб-бетке жасалған сілтеме, каталогка сілтеме. Осылайша студент өзіне берілген глоссарий, дəріс, тест, форум, тапсырманы орындап оқытушыға жібереді.  Оқытушы сабаққа қатысуын тескеріп, Оқу тапсырмаларын бағалайды. Студент пен оқытушы бірлесе отырып шешу үрдісінде оқуды ұйымдастыруға, білім алмастыруға мүмкіндік береді. Елімізде вирус жұқтырғандардың саны күн санап өршуде.  Оның нүктесін қою сіз бен біздің қолымызда! Біз «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» студенттері коронавируспен бірге күресуге, тазалықты сақтауға, сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға, үйде болуға шақырамыз🏡!
Вирусқа жол жоқ! Бізді қолда! Вируспен күресуге сен де өз үлесіңді қос! Үйде бол🏡!»