«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында түлектер кездесу

17.06.2021 күні ауқымды жобаны жүзеге асыру мақсатында өз үлесімізді қосып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Жомарт түлек» жобасы аясында, медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында түлектер кездесуіне арнап іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Медицина мамандығының ерекшеліктері туралы, мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісіп, сұхбаттасу.

Студенттік өмірдің қан майданынан өткен түлектеріміз ортамызға шақырып, аталған іс-шараның Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесімен тұспа-тұс келуіне орай, Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің ардагер түлектерін мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін, тілектерін айтып өтті.

Бүгінгі таңда Жамбыл жоғары медициналық колледжі заман талабына сай болашақ орта медицина мамандарын даярлау мақсатында, өздері ұшып шыққан ұяларына аянбай қызмет етіп жүрген түлектерімізде баршылық. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасынан кейін колледжі бітіріп, одан кейін бірнеше жоғары оқу орындарын тамамдап, өзі ұшып шыққан алтын ұясында жас ұрпаққа білім беріп, аянбай еңбек етіп жүрген 29 оқытушы түлектеріміз кездесуге шақырылды.
Кездесу соңында түлектер колледждің дамуына деп қаржылай сыйлық тарту етті, ал колледж әкімшілігінен түлектерге «Жомарт түлек-2021» төсбелгісі мен алғыс хаты табысталды.