Мектеп оқушыларымен кездесу

12.01.2018 жылы кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмыспен қамту жылдық жоспары аясында колледж оқытушылары Э.Ж.Кудебаева, Ж.А.Токташева, С.Г.Бибосынова, М.Л.Ералиев, Б.Т.Ержанов Тараз қаласының №51 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға колледж тарихы мен колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық мәлімет дайындалып, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар, бүгінгі күнде шұғыл жағдайлардағы жедел көмек көрсету маңыздылығын насихаттау мақсатында Э.Ж.Кудебаева, Ж.А.Токташева, М.Л.Ералиев, Б.Т.Ержанов.«Жүректің кенеттен тоқтауы кезіндегі шұғыл көмек. Базалық жүрек-өкпе реанимациясы », «Жарақаттар кезінде жедел көмек көрсету», «Сыртқы қан кетуді тоқтату», «Мұрыннан қан кеткенде жедел көмек», «Естен тану кезіндегі жедел көмек» тақырыптарында тәжірибелік дағдыларды көрсетті.