Мектеп оқушыларымен кездесу

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы және Тараз қаласы жастарына, 9-11 сынып оқушыларына, ата-аналарға ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін «Ақпараттық керуен» ұйымдастырылды.

Осы жоба аясында Жамбыл медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмыспен қамту маманы Кудебаева Э.Ж., оқытушылар Бибосынова С.Г., Токташева Ж.А. 07.02.2018 жылы Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің және 21.02.2018 жылы №43 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат беріп, шағын экскурсия жүргізді. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру жұмысы кезінде оқушыларға жүректің кенеттен тоқтауы және естен тану кезінде жедел көмек көрсету дағдылары көрсетілді.