Мейіргер ісі негіздері пәнінен оқытушы Онгарбаева А.С. 304 топ студенттерімен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен «Клизмалар: тазарту және сифонды, майлы, гиперто-ниялық, дәрілік» тақырыбында ашық тәжірибе сабағын өткізуі.

2018 жылдың қарашаның 5 күні КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» Б ғимаратында №3 арнайы пәндер ЦӘК 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес оқытушы А.С.Онгарбаева  «Мейіргер  ісі негіздері» пәнінен «Клизмалар: тазарту және сифонды, майлы, гиперто­ниялық, дәрілік» тақырыбы бойынша 304 топ студенттерінің қатысуымен ашық тәжірибелік сабақты өткізді.  Бұл ашық іс шараны өткізу мақсатында корпустың компьютерлік технологиялармен қамтамассыз етілген №210 кабинетінде жасақталды.  Сабақтың басты білімділік мақсаты – студенттерге  «клизма» түсінігін,  клизма қою мақсаттарын, клизма түрлерін, тазарту және сифон, майлы,  гиперто­ниялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, медбике мен пациентті емшараға дайындауды үйрету болды. Сабақ барысында оқытушы тарапынан медбикенің  коммуникациялық дағдыларды қалыптастыра отырып, медициналық кәсіби этика және деонтология ережелерін сақтай отырып, науқастармен қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеуге үлкен мән берілді.  Сабақ хронологиялық кестесіндегі мазмұнына сәйкес жүргізіліп, тест бақылау сұрақтары, мән-жайлық есептерді шешу элементтерімен толықтырылды. Сонымен қатар, әрбір студент стандарттармен, тренажер-маникендер және әдістемелік нұсқаулардың көмегімен өзіндік жұмыс жүргізіп, машықтану дағдыларын қалыптастырды.