«Қызықты да, ғажайып – химия» атты облыстық олимпиада

10.12.2019 ж. күні ЦӘК №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері оқытушыларының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында химия пәнінен «Қызықты да, ғажайып –ХИМИЯ» атты облыстық олимпиада өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. I дәрежелі дипломмен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Асан Меруерт Өркенқызы мараппатталды. II дәрежелі дипломмен Тараз теміржол көлік және коммуникациялық колледжі студенті Қуанышбек Сұлуай мараппатталса, III дәрежелі дипломмен – Тасыбаева Алтынай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі студенттері иеленді. Олимпиада қатысушыларын дайындаған оқытушыларда алғыс хаттармен марапатталды.