«Қыз  еркем – анасымен  көркем» тақырыбында  мамандармен пікірлесу

2019 жылдың 30 қазан күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің  «Балауса» қыздар клубы мен «Елу жылда – ел жаңа» ұйымымен бірлесе отырып, «Қыз  еркем – анасымен  көркем» тақырыбында  мамандармен пікірлесу өтті.

Қатысқандар:

  1. Тәрбие жұмысының меңгерушісі: Л.К.Мейрманова
  2. «Балауса» қыздар клубының жетекшісі: А.Н.Оскенбаева
  3. ТАРМУ «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, 2018 ж.Тараз қаласының «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурстың жеңімпазы, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері: Жантаева     Ардақ     Мықтыбекқызы.
  1. МКҚК «Тілдерді     оқыту   орталығы» бас бухгалтері, 2018 ж. «Мерейлі әскери отбасы» байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болған: Кадирова Салтанат Арипжанқызы.
  2. «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің мүшесі: Ш.Т. Сүйімқұл

Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарай өседі деп білген қазақ халқы: қызым жақсы болсын десең, қылықтылармен ауыл бол,- дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жая бастаған кезде -ақ өнерлі, текті, тәрбиелі адамгершілігі жоғары болсын деп тәрбиелейді.