Құттықтаймыз!

«Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі «Тараз қаласының Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға  арналған іс-шаралар  жоспарын бекіту туралы» №243 қаулысын іске асыру  мақсатында 2019 жылдың 21 қарашасында  өткізілген «Үздік мекеме-2019»  қалалық байқауында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушыларынан құралған «Жомарт жүрек» тобы  үшінші  орынды иеленіп, III дәрежелі  Дипломмен марапатталды.