Құттықтаймыз!

        Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі үлкен жетістіктері мен колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы  қосқан зор еңбегі мен  шығармашылық ізденістері үшін «Үздік басшы» номинациясымен колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес рейтинг ұйымдастыру комитетінің «Кәсіби танылу» орденімен колледждің бас есепшісі Г.О.Шералина марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес рейтинг ұйымдастыру комитетінің “Жыл маманы – 2019″ атағына Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі Ж.Л.Шужеева Сертификатқа ие болды.

       2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша   болашақ мамандарға білім мен тәрбие  беруде  колледждің ақпараттандыру саласының өркендеуіне қосқан үлестері үшін «Үздік құрылымдық бөлім» номинациясымен    «Ақпараттық орталық» бөлімінің қызметкерлері Мақтау қағазымен марапатталды.

      2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша   болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі үлкен жетістіктері  мен білім сапасын көтерудегі ерен еңбегі үшін  «Үздік бөлім» номинациясымен «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулова Мақтау қағазымен марапатталды.

      2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша «Несеп жыныс ағзалары аурулары мен зақымдануы. Бүйрек пен қуықтың жарақаттануы, қабыну аурулары. Бүйрек обыры, несеп тас ауруы, бүйрек шаншуы. Жіті простатит, простата аденомасы» тақырыбында жоғары деңгейде өткізген ашық сабағы үшін   «Үздік ашық сабақ» номинациясымен жалпы хирургия пәнінің оқытушысы А.М.Дәулетов Мақтау қағазымен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарды шығармашылық жұмысқа ынталандыра отырып, олардың интеллектуалдық дамуына үлес қосқаны үшін «Үздік үйірме жетекшісі» номинациясымен колледждің жас маманы А.Н.Қасымов Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие беруге үлес қосқаны және шығармашылық кәсіби деңгейі үшін  «Үздік жас маман» номинациясымен жұқпалы аурулар пәнінің оқытушысы  М.Қ. Жасұзақ Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен жас мамандарды тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін  «Үздік тәлімгер» номинациясымен оқытушы О.А.Махамбетова Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі мен студенттерді ғылыми жұмысқа тартуда қосқан үлесі үшін «Үздік ЦӘК» номинациясымен  №2 Жалпы білім беру және  жаратылыстану  пәндер циклдық әдістемелік комиссия жетекшісі Б.А.Сағындықова Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарды  тәрбилеудегі елеулі   еңбегі үшін «Үздік куратор» номинациясымен  107 топ кураторы А.Е.Еркебаева Мақтау қағазымен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жүректен жүрекке» еріктілер жасақтарының жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқаны үшін  «Үздік еріктілер жасағы» номинациясымен «Жүректен жүрекке» еріктілер жасағының жетекшісі Р.Ж.Мухажанова Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен республикалық деңгейде өткізген «Үздік фармацевт-2019ж» байқауын ұйымдастыруда еткен елеулі еңбегі үшін «Республикалық деңгейдегі Үздік іс-шара» номинациясымен № 2 Кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссия жетекшісі Ұ.А.Ахметова Мақтау қағазымен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен «Тіл мәртебесі-Мәңгілік ел мәртебесі» – (өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен) облыстық пәндік олимпиадасын өткізгені үшін «Облыстық деңгейдегі Үздік іс-шара» номинациясымен № 2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссия жетекшісі ЦӘК жетекшісі Ә.Т.Мадимарова Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарды даярлауда жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, жоғары кәсіби біліктілік танытқаны және  № 213 «Мейіргер ісі негіздері» кабинетін жоғары деңгейде жабдықтағаны үшін «Үздік кабинет меңгерушісі» номинациясымен кабинет меңгерушісі Ж.А.Тоқташева Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен «Жас Алаш» пікір-сайыс клубының жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқаны үшін «Үздік пікір-сайыс клубы» номинациясымен клуб жетекшісі  Ж.Н. Айдабосынова Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарды  салауатты өмірге тәрбиелеудегі жетістіктері мен футболдан спорттық секция жұмысын жоғары деңгейде жүргізгені үшін  «Үздік спорттық секция» номинациясымен дене шынықтыру пәні оқытушысы Ә.М.Ниязкулов Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі мен жоғары кәсіби біліктілік таныта отырып Смарт анатомия кабинетін оқу процессінде пайдаланғаны үшін Үздік «Смарт кабинет» жетекшісі номинациясымен анатомия пәні оқытушысы А.Б.Айдралиева Мақтау қағазымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға  тәрбие беруде еткен ерен еңбегі  және  «Жастар жылын» насихаттауға қосқан үлесі үшін номинациясымен Жастар ісі комитеті жетекшісі Д.Б.Уркимбаева Мақтау қағазымен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегімен колледжішілік іс-шараларды өткізуге қосқан үлесі үшін  №1 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссия жетекшісі К.Ж.Байбосынова Алғыс хатпен марапатталды.

       2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен ЦӘК жұмысын жандандыруға қосқан елеулі еңбегі үшін № 3 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссия жетекшісі А.Т.Парманова Алғыс хатпен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегімен колледжішілік іс-шараларды өткізуге қосқан үлесі үшін  әлеуметтік –экономикалық, жалпы білім беру және  жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссия  жетекшісі  Г.Н.Джантохова  Алғыс хатпен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен «Ұлттық білім беру деректер қоры» жұмысына қосқан үлесі үшін №1 Жалпы білім беру және  жаратылыстану  пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы жетекшісі Р.К.Тұрсынбаева Алғыс хатпен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері және «Үштілділік» саясатын жүзеге асырудағы қосқан үлесі үшін №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы жетекшісі  Л.Б.Саурбаева Алғыс хатпен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері және мейіргер ісін жаңғыртуға қосқан үлесі үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімі, симуляция бөлімінің меңгерушісі Ф.Д.Турмысова Алғыс хатпен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері мен оқу –тәжірибе ісіне қосқан үлесі үшін №1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Б.С.Мадимарова Алғыс хатпен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша болашақ жастарға  тәрбие беруде еткен еңбегі мен колледждегі психологиялық жұмысты жандандыруға қосқан үлесі үшін Ә.Н.Өскенбаева Алғыс хатпен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ жастарға  тәрбие беруде еткен еңбегі мен әлеуметтік-психологиялық жұмысты жандандыруға қосқан үлесі үшін А.А.Буксукбаева Алғыс хатпен марапатталды.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша болашақ мамандарға  тәрбие беруде еткен еңбегі мен бөлімдегі топ жетекшілікті жақсы атқарғаны үшін Бердалиева Э.Б., Сарыбаева Г.К., Атамбаева А.С., Чинасилова К.О., Маманова Ш.Т., Бекмурзаева Д.Т. Алғыс хатпен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша   болашақ мамандарға білім мен тәрбие  беруде  колледждің ақпараттандыру саласының өркендеуіне қосқан үлестері үшін «Ақпараттық орталық» бөлімінің программисті  А.Б. Оразбаева Алғыс хатпен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша   болашақ мамандарға білім мен тәрбие  беруде  колледждің ақпараттандыру саласының өркендеуіне қосқан үлестері үшін «Ақпараттық орталық» бөлімінің программисті  К.К. Дуйсебаева Алғыс хатпен марапатталды.

     2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша  колледждегі «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының жұмысына  қосқан үлесі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны  үшін колледж оқытушысы М.Ж. Жакипова Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша  болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі үлкен жетістіктері  және  9.06.2019 жылы өткен Президент сайлауының  № 52 учаскісіндегі жұмысының  жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқаны үшін  тәрбие ісінің меңгерушісі Л.К.Мейрманова Құрмет грамотасымен марапатталды.

   2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша  9.06.2019 жылы өткен Президент сайлауының  № 52 учаскісіндегі жұмысының  жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқаны үшін колледж оқытушысы А.К. Құдайбергенова Құрмет грамотасымен марапатталды.