Құттықтаймыз!

22.12.21 жылы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н.Сарыбекова «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпазы Кәрім Сүйінбекұлының жұмыс орны – колледжіміздің әлеуметтік серіктестік базасы болып табылатын – «Жамбыл облыстық оңалту орталығының» қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жамиля Нұрғалиқызы орталықтың бас дәрігері Карибаева Динара Жандаровнаға, бөлім меңгерушісі Наурызбаева Гульнара Бейсембаевна және орталықтың аға мейіргері Бекбердиева Айжан Көбейкуловнаға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Колледжіміздің түлегі Кәрім Сүйінбекұлының «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың дайындық кезеңіне атсалысып, ұжымдастары тарапынан көрсеткен көмегі пен игі іске қосқан үлестеріне алғыс сөз айтып, жас медицина мамандарын оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы мазмұнды да жауапты қызметте абырой биігінен көрінетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында орталықтың бас дәрігері Динара Жандаровна өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы – білім саласының қызметкері екенін айтып, колледжіміздің өркендеуі мен түлектерді дайындаудағы жұмысына сәттілік тілеп, әлеуметтік серіктестігін нығайтуға ниет білдірді.