Куратор сағаты

04.03.2022 жылы Тәрбие сағаты 1 курс «Мейіргер ісі»
101 М-9/21 топ студенттерінің арасында тақырыбы «Теміржол қауіпсіздігі» алдын алу жұмысы бойынша куратор сағаты өткізілді.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру.
2. Теміржол – қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру.
3. Жол ережесі, жол белгілері туралы білік- дағдыларын дамыту.
4. Жолда жүру ережесін есте сақтау, жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.
Алдын – алу жұмысы:
Кез келген елде темір жол саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі болып саналады.
Біз азаматтарға теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ екенін, қауіпсіздік шараларын сақтамау жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырарын тағы да түсіндіреміз. Өкінішке қарай, біздің бірлесе қабылдаған күш- жігерімізге қарамастан, адамдар арнайы жабдықталған өткелдер мен көпірлерді елемей, рұқсат етілмеген жерлерде теміржолды кесіп өтуді, вагондардың астымен жүруді жалғастыруда.
Қазақстан азаматтарының бәріне айтарымыз – темір жолдан өту ережелерін мұқият сақтаңыздар. Өте абай және мұқият болу керек. Тек солай ғана қайғылы жағдайлардың алдын аламыз. Әр адам теміржол көлігі нысандарында жүргенде тек рұқсат етілген жерден ғана өтуі керек, яғни жаяу өткелдер, тоннелдер, көпірлер, өткелдер, жол өтпелерінен өту қажет. Уақытымды үнемдеймін немесе осы маған қолайлы екен деп теміржолды кез келген жерден кесіп өтуге болмайды. Бұл өміріңізге қауіпті екенін ескертеміз.
Топ жетекшісі: «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Бахаева А. Д.