Құқық бұзушылықтың алдын алу

2018 жылдың 09 қазан күні  сағат 12.00-де кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты  – міндет» тақырыбында  ұл балалар жиналысы өтті. Жиналысты тәрбие жұмысының меңгерушісі Л. Мейрманова ашып, «2018-2019 оқу жылындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған және атқарылып жатқан іс-шаралар барысы туралы» құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Усенов баяндап өтті. «Жамбыл облысы бойынша жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу»  тақырыбымен Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ ЮПБ бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Жақсылықұлы Қалжанов колледж студенттерін құқық бұзбаушылыққа шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар: Н. Сарсенова., Б. Бибекова., Д. Сағынбеков және Ш. Сағындықовалар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әрбір әрекеті үшін ата-аналар жауапты екендігін айтып өтті.