Құқық бұзушылықтың алдын алу

29.11.2019 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 3 қабатында сағат 9.00-де 1 курс, 10.30-да 2,3 курс студенттерінің (ата-аналарына) кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың және суицидтің алдын алу, балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алу мақсатында: «Баланың қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Жамбыл облысы ПД ӘЗЗҚж аға инспектор полиция подполковнигі А.Ж. Жанисова., Тараз қаласы ЕҚҚІБ полиция аға лейтенанты Ғ.Р. Мамедов., «Ана Үйі» ҚҚ А.Т. Ажибекова., Тараз қаласы ПБ ӘЗЗҚ тобының инспекторы А.Мусаева., Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы Д.А. Кинжеханова және колледж инспекторы Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты С.Е.Убайдуллаевтар қатысып,  ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.