Құқық бұзушылықтың алдын алу

23.05.2019 жылы колледж директорының ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы ТЖД жедел құтқару жасағы ММ-нің мамандары Ш. Кенжегулов пен А. Кумекбаевалар 102, 103,104, 105 топ студенттерімен кездесіп,  «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында және колледж инспекторы, Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Жақсығұлов Арслан Нурланұлы «Соңғы қоңырау кезінде орын алатын құқық бұзушылықтар» және ҚР ӘҚБтК-нің бірқатар баптарымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 98 студент қамтылды.